Көк-Төбедегі өрт. Белгісіз адамның мәйіті табылды

/image/2019/08/11/190811230105007a3555471i.jpg

Көк-Төбе бөктерінде түс қайта тұтанған өрт сөндіріліп болысымен, тағы екі жерден өрт шығып, бірінен белгісіз адамның денесі табылды деп хабарлайды, – Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров өзінің фейсбуктағы парақшасында жазды.

"Алғашқы өрт ошағынан төмен, Диваева көшесі бойындағы 21 үйге қарсы бетте 1000 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртінің екінші дерегі тіркелді. Өрт сөндіру барысында белгісіз адамның мәйіті табылды. Оның жынысы анықталу үстінде. Өрт оқиғаларының бір-бірімен байланысы жоқ. Түнгі уақытта авиация істемейтіндіктен, сөндіру жұмыстары жерден жүргізілуде", – деді ол.

Департамент басшысы келесі жазбасында өрт үшінші жерден тұтанғанын мәлім етті.

"Алматы гарнизонының барлық жеке құрамы үшінші өрт ошағына жұмылдырылған. Бар күш жеке тұрғын-үй секторын қорғауға бағытталған. Адам бойымен бірдей қурайлар түнгі мезгілде сөндіру жұмыстарына кедергі келтіруде. Қазіргі таңда өрттің таралуы тоқтатылды. Жекелеген ошақтарды сөндіру жұмыстары жүріп жатыр", – деді Серік Әубәкіров.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар