Осы бip MS Сайлаубекке неге өшігіп алдық, а? Қазір әлеуметтік желіде "ауру екен, маскүнем екен, осыны неге әлдеқандай қылады" дегендей пікірлер өріп жүр. Біздің тар призмамыз оның вокзалда қылжиып жатқанын, немесе мүсәпір болып алақан жайып қайыр сұрап отырғанын көргісі келеді. Беті-басы көгеріп, көшеде шылым тұқылын теріп жүрген жігіттің өзінше амал тауып ел көзіне түскенін қабылдай алмадық... Өтірік өлең құрастыра алады екен, сол өтірігіне ел мәз болып алданады екен, демек, Сайлаубектің наны адал. Біз естіп жүрген көп өтіріктен Сайлаубектің өтірігі зиянсыз ғой, жүре берсінші Тиматилермен "айтысып"...
Серік Әбікен, Facebook парақшасынан