Магистратураға түсушілер арасында қандай мамандықтарға сұраныс болмады?

/image/2019/08/22/crop-17_15_871x1549_msc-courses-pic.jpg

Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов магистратура бойынша сұраныс болмаған мамандықтарды атады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Ең үлкен конкурс келесі білім беру бағдарламаларының тобы бойынша болып отыр: бірінші орында – «құқық». Бұл жерде бір орынға талас 5,7 адамды құрады. Яғни, 134 грантқа 759 өтініш келіп түсті. Екінші орында – «филология» (бір орынға 4,2 адам). Содан кейін «халықаралық қатынастар» (бір орынға 3, 8 адам), «менеджмент және басқару» (3,3 адам), сондай-ақ «туризм» (3,1 адам).

Келесі білім беру бағдарламаларының топтары сұранысқа ие болмады. Олар: «гидротехникалық құрылыс», «биомедицина және ауыл шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз ету». Ең көп өтініш қабылданған танымал білім беру бағдарламаларының тобына «ақпараттық технологиялар» (1187 өтініш), «құқық», «менеджмент және басқару», «шет тілі педагогтарын даярлау»енді», - деді Дидар Смағұлов.

Оның айтуынша, апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша 1580 өтініш қабылданған. Оның ішінде 346 өтініш қанағаттандырылса, 1296 өтініш қанағаттандырылмаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар