Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ өкілдері ШҚО-ға барды

/uploads/thumbnail/20170708182415997_small.jpg

  Елімізде балалар құқығын қорғау мақсатында халықаралық құжаттарға қол қойылып, шет елдік ұйымдармен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Шілде айының басында

Қазақстандағы Еуропалық Одақ пен ЮНИСЕФ өкілдері Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен барды

. БҰҰ Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы өкілі Юрий Оксамитный мен  еліміздегі Еуропалық одақ Өкілдігінің Техникалық жәрдемдесу бөлімінің басшысы Жан-Луи Лаврофф  облысты аралап шықты. Халықаралық делегация «Балаларға арналған әділ сот пен олардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту» атты бірлескен бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде кездесу өткізіп, Белоусовка ауылындағы кәмелетке толмағандарға арналған ерекше ұстау режимiндегi арнайы мектеп-интернатқа кіріп шықты. ҚР-дағы ЮНИСЕФ пен ЕО өкілдері тәрбиеленушілермен және мұғалімдермен кездесіп, мектептің болашағы туралы пікір алмасты. Өз сөзінде ЮНИСЕФ өкілі Юрий Оксамитный Қазақстанда арнайы мектептер желісінде жасалып жатқан реформаларға шолу жасап, оларды ашық жүйе мен балаларға арналған реабилитация бағдарламаларына қаражатты қайта бөлу бағытында өзгеру қажеттігін атап өтті. Шет елдік делегация Өскемен қаласындағы №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Төлеуғали Жұмагелдинмен де кездесті. Кездесуде әділ сот жүйесіндегі балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Соттың судьяларға арналған практикалық оқу құралдарын әзірлеуге және балаларды сот отырысы кезінде және сот тағайындаған шараларды жүзеге асыру барысында алып жүру қызметтері желісін дамытуға қатысу мәселелері сөз болды. Қазақстандағы ЮНИСЕФ және ЕО өкілдері «Феникс» дамыту және бейімдеу орталығы» ҚБ жүзеге асыратын кәмелетке толмағандарға арналған дивергенция бағдарламасының жұмысымен де танысты. Қазақстанда 2014 жылдың маусымынан бері қолға алынған "2014-2017 жылдарға арналған Қазақстандағы балаларға арналған әділ сот және олардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту» атты бірлескен бағдарламаның жалпы бюджеті 2,4 млн. еуроны құрайды.  Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында іске асырылып жатқан бұл бағдарламаны 2017 жылдың маусымында аяқтау жоспарланып отыр.

Шарафат Жылқыбаева

 

                                   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар