ЕРБОЛНЬЮС РЕПОРТАЖЫ

/uploads/thumbnail/20170708182416800_small.jpg

АСТАНА Қала мерекесіне орай бүгін Қазақстан елордасы Астанада арнайы құйылған тайқазанда 750 килограмм ет асылып, бұл жағдай Гиннестің рекордтар кітабына енді. Қамырымен қосқанда 700 табақ ет шығып ол Астананың бас алаңында орныққан дастарханда халыққа таратылды. Ұлттық тағам халықққа түгел жетті. Жоғары мәдениетті қала халқы ешбір кезек, ретсіздікке жол бермей дәмнен ауыз тиді. Қалған 200 табақ кешкі уақытқа ауыз ашарға алып қалынып, Қазақстанда шыққан "БӨКЕН" маркалы жаңа көлікпен Нұр Астана, Хазірет сұлтан мешіттері жаққа жөнелтілді. КАБУЛ: Хабарымызды жалғастырамыз. Дәл осыған ұқсас жағдай Ауғанстан астанасы Кабулда орын алды. Алайда, ұйымдастырушылардың кемшілігінен және қала халқы мен қонақтары жасаған ретсіздіктен тайқазан айналасында бейберекетсіздікке жол берілді. Қазанды қоршаған "сақшылар" мен арнайы темір қоршауларды бұзып өткен аш жалаңаш, түк көрмеген халық ортаға лап қойды. "Әй балам маған да", "Айналайын маған да ..." деген жамыраған дауыстардан құлақ тұнады. Арғы бұрышта етті жалма жан асай салып, қазанға қайта ұмтылған азамат, бергі бұрышта аузы сатпақ-сатал, қолы сірне болып жылбыраған май-май қалпы етті обырлана қауып тұрған бір ашқарақ азаматты көреміз. Ет халыққа үлестірілмеген күйі қазан беті жабылды. Итеріскен, ұрсысқан халық, қалдықтар мен қоқыстан көз тұнады. Ерболат Қошқарбаев, facebook

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар