Қажыгелдин: Назарбаев менен кешірім сұрады (видео)

/image/2019/09/06/crop-42_4_310x551_1-48.jpg

Қазір Еуропада тұрып жатқан Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаевпен шетелде кездескені туралы айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қажыгелдин Азаттық Радиосына берген сұхбатында айттып берді.  

Қажыгелдиннің сөзінше, ол Назарбаевпен шетелде жүрген кезінде кездескен, Назарбаев одан кешірім сұраған. 

"Мен ол кісіге (ред. Назарбаевқа) айттым. Нұреке, сіздің ең басты қиыншылығыңыз - сіз халықты, қазақты бөліп жүрсіз. Жаныңызда Рахат (Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі) бар, Тимур (Назарбаевтың екінші қызы Динара Назарбаеваның күйеуі) бар, мен неге жоқпын. Менің кінәм неде? Менің сізге сын айтқанымда ма? Сіз мені қызметке шақырғанда келісіп едік қой. "Мен сізге ұнасын, ұнамасын шындықты айтып тұрамын дегенмін. Сіз сонда "жарайды, мейлі" дегенсіз деп айттым. Сонда ол кісі (ред. Назарбаев) менен кешірім сұрады ғой. Айтты, "айналайын, кешір. Біздің барлық жасаған тіршілік артық болып кетті" деді. Соны мойындай да, кездесуден шыққан соң басқаша жасайды", дейді Қажыгелдин. 

Сонымен қатар Қыжыгелдин сұхбат барысында елдегі басқа да саяси ахуалдарға қатысты пікірін айтты. 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар