Бір ініміздің енесі дүниеден өтіпті. Өздері Атырауда тұрады. Алматыға жеке көлікпен барудың реті жоқ, жол алыс. Теміржолмен және жетіп болмайсың. Жерлеп қояды. Ыңғайлысы – ұшақ. Ал, ұшағыңның билеті қанатты көліктің өзінен де биік кетіп қалыпты ғой. Шарықтағаны соншалықты, сәбиді қоспағанда, ерлі-зайыптылардан және үш жастағы баладан 205 мың теңге сұраған. Қазақстан, ішкі рейс!
Сабаудың түр-түрін естіп едік, қанаудың жолын...
Сол саланың мамандарынан түсінік талап етсең, қырық түрлі сылтау айтады. Коммерциялық көзқарас, билет тапшылығы, тағысын тағылар... Алайда олар негізгі диагнозға жоламайды.
Ол диагноздың аты – ашқарақтық..
Ақша десе көзі жайнап кететін отандық авиакомпаниям-ай... Сендермен де бақытты болашаққа бірге барғымыз келеді, ә...
Амангелді Сейтхан
Фейсбук парақшасынан
Пікір қалдыру