Танымал актер Досхан Жолжақсынов "кеңесші" болып, шенеунік атанып жатқан өнерпаздарды сынға алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Мен тура осы үрдісте биліктің осалдығын көремін. Мысалы, сол кеңесші не кеңес айтады? Бүгінде не туралы кеңес беруге болады? Мәдениет министрлігі бар. Оның бүкіл аппараты бар. Бұл не бұлардың қолынан келмейтін шаруа ма? Әкімдікті алайық. Әрқайсында мәдениет департаменті бар. Оған білімі бар адамдар баруы керек. Сол өнермен, сол саладағы рухани дүниелермен түс көріп оянатын адамдар баруы керек. Үлкен биліктегі адамдар жұмыстан босаған кезде кеңесшілікке барады. Мұның статусы не? Қай жағынан қандай кеңес береді? Біріншіден, бұл езу тартқызатын дүние. Біз күлдік те қойдық", - дейді белгілі актер "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында.
Пікір қалдыру