Қарағанды облысының тұрғынында 65 миллион теңгеден аса салық берешегі бар деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақстанның қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер коммитеті хабарлады.
Коммитеттің мәліметінше, аталған сомма Қазақстандағы рекордтық салық берешегі болып саналады, берешек сомасы жер салағын төлемеу себебінен пайда болған. Көрсетілген соманың негізгі қарызы 37 миллионнан асады, ал есептелген өсімпұл 27 миллион теңгеден көп.
Сонымен қатар мемлекеттік кірістер комитеті "салық төлеуден жалтарған 100 жеке тұлғаның тізімін" жариялады.
Коммитеттің дерегінше, бұл азаматтардың мемлекет алдындағы жалпы борышы 286 019 395 теңгені құрап отыр. Оның ішінде 175 354 401 теңге – негізгі борыш сомасы, ал қалған 110 664 995 теңге – өсімпұл сомасы.
"Салық бойынша ең көп берешегі бар азамат Қарағанды облысында тұрады. Оның жер салығы бойынша (БСК 104302) негізгі борыш сомасы 37 163 849 теңге, есептелген өсімпұлы - 28 192 533 теңге. Жалпы қарызы 65 356 383 теңгені құрап отыр.
Елде салығы бойынша өсімпұл сомасы негізгі борыш сомасынан асып кеткен азаматтар да бар. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Талғатбек Ильясовтың жер салығы бойынша жалпы берешек сомасы 19 050 875 теңге, оның ішінде негізгі борышы - 8 685 027 теңге, өсімпұлы - 10 365 848 тенге.
Көлік салығы (БСК 104402) бойынша борышкерлер тізімін тағы да Қарағанды облысы бастап отыр. Фадис Мустакимов бұл салық түрі бойынша жалпы 6 081 323 теңге қарыз жинаған. Оның төлеуі тиіс негізгі сомасы - 4 059 318 теңге, есептелген өсімпұлы - 2 022 005 теңге.
Кейбір қазақстандықтар мүлік салығы (БСК 104102) бойынша да қарыз жинап үлгерген. Мысалы, Жамбыл облысының тұрғыны Ерлан Токсанбаевтың жалпы берешек сомасы 576 191 теңге, оның ішінде негізгі борыш сомасы - 335 811 теңге, өсімпұл - 240 380 теңге", - делінген коммитет таратқан хабарламада.
Қарызы ең көп 100 жеке тұлғаның тізімін коммитеттің сайтынан көре аласыздар
Пікір қалдыру