Қыс басталмай жатып қалада тағы көмір тапшы. Қатты отын сатылатын жерлерде ұзын-сонар кезек. Көлік жүргізушілері сағаттап күтуге мәжбүр. Көмір жетпей қала ма деп алаңдаған жұрт, кезекке талас былтырғыдай адам өлімімен аяқтала ма деп қорқады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтының дерегіне сүйеніп.
Қала тұрғыны, Қадырбек Сіләмбеков: "Көмір алу үшін таңғы сағат 5-те келген болатынмын. Кезектегілер таласып-тармасып алып жатыр. Кейбіреуі бір алғаннан кейін, екінші рет қайта кезекке тұрып жатыр", - дейді.
Көмір қоймасының директоры, Нұржан Қазиев: "Өткен аптада темір жолда вагон болған жоқ. Сондай аздаған мәселелер орын алды. Енді күніне 10 вагон әкелуде. Бұл толықтай жетеді.", - жауап берді.
Пікір қалдыру