Мәдениет және спорт министр Ақтоты Райымқұлова "Talklike" бағдарламасына сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сұхбат барысында министр тіл, ұлттық фильмдер туралы өзекті мәселелерге қатысты пікір білдірді.
Сұхбаттың соңында Ақтоты Райымқұлова көз жасына ерік берді. Аман Тасыған министрге "нені жоғалтудан қорқасыз?" деп сұрақ қойды. Осы сәтте қайтыс болған анасын есіне алған министр көзіне жас алды.
"Өзіме... қазір... Анам жақында кетті ғой... Осындайда әйелдігің шығып кетеді. Өзіме жақын жандарды, жүрегіме жақын адамдарды жоғалтудан қорқамын. Содан сақтасын... Сағынып жүрмін. Анамды, әкемді, қайын атамды сағынып жүрмін", - деді көз жасын тоқтата алмаған министр.
Пікір қалдыру