Атырауда полиция қызметкері адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті

/image/2019/10/17/crop-139_42_476x846_10453688.jpg

Атырау облысында полиция қызметкері адам қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Полция департаментінің мәлімдеуінше, Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкері 25 жасатағы ер адамды қағып өлтірген.

"Исатай ауданы Зинеден ауылы маңындағы автожолда аудандық полиция бөлімінің қызметкері "Ауди-А6" көлігімен жұмыстан тыс уақытта жолаушыны қағып кетті. Содан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Апат салдарынан 25 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты", - делінген полиция департменті таратқан хабарламада.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі, яғни "Байқаусызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазалау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған және Қылмыстық кодекстің 347-бабы, яғни "Жол апаты орнынан кетіп қалу" дерегі де тексеріліп жатыр.  Жол апатына кінәлі полиция қызметкерін қамауға алу шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар