Елімізде жыл сайын жол апатынан шамамен 2500-ге жуық адам мерт болады. Он сегіз мыңнан астам жол апаты тіркеледі екен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті мәлімдеме жасады.
Нұр-Сұлтан қаласының өзінде жыл басынан бері 421 көлік апаты тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. 2018 жылы елордада 365 жол көлік оқиғасы болған. Салдарынан 543 адам әртүрлі жарақат алса, 23 азамат көз жұмған. Олардың 5-уі бала. Мамандардың айтуынша, көбінесе 7 мен 10 жас аралығындағы мектеп оқушылары жиі зардап шегеді. Себебі жаяу жүргіншілер өткелінде жол ережесін сақтамайтын көрінеді.
Пікір қалдыру