Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры таратылған Астана, Қазақ және Эксим банктердің салымшылары алдындағы міндеттемелерінің 99 пайызын өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде өңірлердегі 4000 адамға 59 млрд теңге төленген. Тағы 220 мыңы кезегін күтуде. Қазір Эксим банкінің 156 салымшысы өтемақы алуға асықпай отырғаны белгілі. Олар 5 қарашаға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Петропавл қалаларындағы «Қазпошта» бөлімшелеріне өтініш қалдыра алады. Мамандардың айтуынша, үш банкті алғанда 1500 адамның есепшотында қомақты қаражат жиналған. Қайтарылған берешектің ең кемі 500 теңге. 2020 жылдан бастап, банктердің лицензиядан қағылу жағдайы тіркелсе, салымдарды қайтару 35 күн ішінде жүзеге асады.
Пікір қалдыру