Парақорды ұстап берген адамға 10 млн теңгеден сыйақы тағайындалуы мүмкін

/image/2019/10/31/crop-58_8_411x731_2019_01_31_141547709700.jpg

Бұл туралы бүгін агенттіктің алқа отырысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Үкімет қарауына осындай ұсыныс енгізіп отыр.

«Егер пара немесе мемлекетке келген залал көлемі 2,5 млн теңгеден асса, осы соманың 10 пайызын, бірақ, ең шекті деңгейден аспайтын (10 млн теңгеден) сыйақы тағайындау ұсынылып отыр», - деді Алик Шпекбаев өз баяндамасында.

Оның айтуынша, бұл ұсынысты мемлекеттік органдардың бәрі қолдаған, сондықтан, өзгеріс жақын арада Үкіметтің тиісті қаулысына енгізіледі.

 

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар