Талдықорған дәмханасында оқ атылып, бір адам бет тұсынан жарақат алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы поолициясының парақшасына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері дәмханалардың біріне травматикалық қарудан оқып атып, қаланың жергілікті тұрғындарының бірін жарақаттаған 42 жастағы мас ер адамды ұстады.
31 қазан күні түнде Талдықорған қалалық полициясына 3-шағын аудандағы дәмхананың жанында атыс болғаны туралы қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 45 жастағы ер адамның оқ жарақатын алғанын анықтады. Зардап шеккен азамат Талдықорған қалалық ауруханасына жеткізілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көп ұзамай полицейлер көрші үйлердің бірінде тұратын күдіктіні анықтап, оны полицияға жеткізді. Ұсталған кезде ол мас болған.
Ойын-сауық мекемесінде жәбірленуші мен күдікті арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Соңында олардың бірі көшеде қарсыласына бірнеше рет тапаншадан оқ атқан.
Пікір қалдыру