Жаңа бағдарлама әзірленіп жатыр: енді кредит барынша қолжетімді болады

/image/2019/11/06/crop-52_7_516x688_20161104090520.jpg

Үкіметтің бүгінгі отырысында "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын тағы бес жылға ұзарту мәселесі қаралды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, бүгінде бағдарламаның бес жылдық жаңа жобасы әзірленді. Оған 421 миллиард теңге қарастырылып отыр. Ол бұған дейінгі бес жылдық кезеңмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Бұдан бөлек, бағдарламаның бірқатар тұсы өзгереді.

"Бірінші, айналым қаражатты кредиттеу көлемі 60-тан 360 миллион теңгеге дейін ұлғаяды. Екінші, кредиттеу барынша қолжетімді болады. Ол үшін микроқаржыландыру ұйымдарының кредиттерін субсидиялау және кепілдендіру енгізіледі", - дейді Дәленов.

Оның сөзіне қарағанда, жұмыспен қамту және салық жағынан бірқатар өзгеріс болады. Сосын оқыту, құжат дайындау және тауарларды өткізу бойынша кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау жасалады.

Үкімет басшысы Асқар Мамин бағдарламаның жаңа жобасын қарашаның соңына дейін қабылдауды тапсырды.

"Екінші, мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осы жылдың соңына дейін бағдарламаны іске асыру үшін қажетті нормативтік актілерді қабылдау қажет. Үшінші, әкімдіктермен, "Атамекен" палатасымен және "Даму" акционерлік қоғамымен жаңа бағдарламаның тәсілдері мен мүмкіндіктері туралы кәсіпкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер", - деп атап көрсетті Мамин.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар