Адам затты ойлай берсе, адамзат қатарынан шыға бастайды.
Шаш бұзылса сіркелейдіі, сайт бұзылса «серке»-лейді.
Байлану – байланыс орнатудың бір тәсілі.
Ең сұм тау – сылТАУ, бұл тауды еңсеру өте қиын.
Орыстану мен арабтану түптің түбінде есіңнен тануға алып келеді.
Илене кетуге ықтияр қоғамда ғана құл иленушілік құрылыс орнай алады.
Егер қандай да бір «үкіметтің құрығы ұзын», ақылы қысқа болса, ол үкімет күндердің бір күні сол құрықты өз мойнына салмай қоймайды.
«Көтеріліс» деген сөздің алғашқы үш әрпінің өз алдына мәні бар, ол нәрсесі жоқ, не бос жандар көтеріліс жасай алмайды.
Нұрлан Садыр, facebook
Пікір қалдыру