Шымкеттік белсенді Нұржан Мұхамедовтің көлігіне белгісіз біреулер иттің басын қалдырып кеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш видео фейсбук желісінде қызу талқыланып жатыр.
Сонымен қатар, видеоны түсірген адам көліктің терезесін шағып, дөңгелегін жарып кеткенін айтады.
Еске сала кетсек, Нұржан Мұхамедов 30 қазанда Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Қытай зауыттарының салынуына қарсылық білдіріп, бес тәулікке қамалған
Пікір қалдыру