Алматы көшелерінде "Шал, кет!" деп ұрандатқан азаматтарды полиция ұстады (видео)

/image/2019/12/16/crop-22_243_697x1239_05b255bd-049c-47d1-bb6a-2e44c2b28cf5_w1597_n_r0_st.jpg

Бүгін, 16 желтоқсан күні түстен кейін Алматыдағы "Республика" алаңы маңында азаматтар шеру өткізді. Олар алдымен Сәтбаев көшесінің бойымен Тәуелсіздік монументінің алдына дейін шерулетіп келді. Сол маңда шерушілер қазіргі билікті сынып, "Шал, кет!", "Шал, кет!" деп ұрандатты.

Шеруге шыққан азаматтардың қолында "Назарбаевсыз Қазақстан", "Мұрагер мен Қастерге саяси баспана беруді талап етеміз" және тағы да басқа жазуы бар плакаттар болды. 

а

Алматы қалалық прокуротурасының өкілі "Азаматтар бұл жиындарыңыз заңсыз. Тарауларыңызды өтінеміз. Тарамаған жағдайда шара қолданатынымызды ескертеміз" деді. Прокуратура өкілі ескерту жасай бастағанда азаматтар оның сөзін тыңдамай "Шал, кет!" деп ұрандата жөнелді. 

Ал түстен кейін 15.30 шамасында Тәуелсіздік монументінің маңын тастап, Желтоқсан көшесі бойымен төмен қарай "Шал, кет!", "Оян, Қазақстан!" деп ұрандатқан азаматтарды полция ұстай бастады.

16 желтоқсанда түске дейін "Республика" алаңында белсенділер Желтоқсан және Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алып, құран бағыштады

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар