Қазақстан сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2020 жылда Дубайда өтетін EXPO көрмесіне қанша қаражат жұмсағалы жатқандығын мәлім етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алдыңғы жылдың бюджетінен 9 миллион теңге бөлініп, көрменің жұмысына дайындық әлдеқашан басталып кеткен еді. Бұл көрме Қазақстанның аумағымен өзара байланыста болады, әрі аймақтар мен астанамыздың өнімдерін ұсынады" ,-деді министр орталық коммуникациялар қызметі пресс-конференциясында.
EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесі Дубайда өтеді. Көрменің өтетін орны бас ассамблеяда анықталған. Көрме 2020 жылдың қазанынан бастап, 2021 жылдың 21 сәуіріне дейін жалғасады.
Самал Қожамжарова
Пікір қалдыру