Бұл - табиғи апат емес. Қылмыскер жазалануы тиіс!!!

/uploads/thumbnail/20170708190644186_small.jpg

Наурызбай ауданындағы лай тасқынына қатысты әлеуметтік желілер мен қазақстандық БАҚ-та «Табиғи апат» деген сипат берілуде. Негізінде бұл ешқандай да табиғи апат санатына жатпайды. Табиғи апат – жаңбырдың толассыз жаууынан, өзен, көл, мұхиттың арнасынан тасуынан, қар немесе лай көшкінінен келетін стихия. Ал, «Платина», «Дамбы», «Тоспа» - бұл арнайы бақылауда ұсталатын нысан. Яғни, жауапты адамдардың өз қызметіне салғырттығының нәтижесі. Ендеше бұған бірден бір жауапты – ТЖД басшысы В.Божко және Алматыны алақанында ұстап отырған Ахметжан Есімов мырза. Аптап ыстық болып тұрған кезде Каргалинка бөгетінің межелі мөлшерін бақыламаған шенеуніктердің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап ету керек. Мыңдаған адамды қапыда табиғат апатында қалдыру - қылмыс.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

 

Қатысты Мақалалар