Президент Тоқаевтың саяси реформалары аяқсыз қалуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық кеңестің мүшесі, дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы өзінің facebook парақшасында жазды.
"Ұлттық кеңестің көтеріп, Тоқаевтың уәде еткен партия құруды жеңілдетуге, митингке қатысты саяси реформалары аяқсыз қалатын түрі бар.
Себебі митингке қатысты ұсынылып отырған заң жобасы және Жанболат Мамайдыңпартия құруына жасалып жатқан қысым осыны көрсетеді. Бұл жағдайда ұлттық кеңестің келесі отырысы болмауы да ықтимал.
Бақытжан Бұқарбай кеңес құрамынан шыққандығын, ал Арман Шораевшығуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Уәде етілген реформа болмаған жағдайда бұл тізім жалғаса беретіндігі сөзсіз", - деп жазды Қайрат Жолдыбайұлы.
Бұған дейін баспагер Бақытжан Бұқарбай Ұлттық кеңестен ресми түрде шыққанын мәлімдеген болатын. Ал ұлттық кеңестің тағы бір мүшесі Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында демократиялық және нарықтық реформалар басталмай жатып, соңы сиырқұйымшақтанып бара жатқанына алаңдаушылық білдірген.
Пікір қалдыру