Иран парламенттінің жаңа құрамына кіруі тиіс депутат коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлайды.
Фатима Рахбар 21 ақпанда парламенттің он бірінші шақырылымда өткен сайлау қорытындысы бойынша Тегеран өкілі ретінде таңдалған. Оның бұған дейін де депутаттық тәжірибесі болған. Жетінші, сегізінші және тоғызыншы парламент құрамында қызмет атқарған.
Соңғы дерек бойынша, Иранда 4747 адам коронавирус жұқтырса, 124 адам қайтыс болған.
Пікір қалдыру