Сарапшылардың айтуынша, аталған өндіріс түрінің қысқаруына коронавирус "салқыны" себеп болған. Яғни, әлемді алаңдатқан өткір жұқпалы ауыру саладағы сұраныстың мейлінше төмендеуіне себеп болуда.
Ұйым саяасаты бойынша, бұндай жағдайда өндіріс көлемін тежеу арқылы бағаны тұрақтандыру мүмкіндігі жоғары деп бағаланған.
Алайда бұған дейін жазғанымыздай Ресей бастаған мұнайлы елдердің ортақ мәмілеге қарсылығы Венадағы келіссөзді шешімсіз жиынға айналдырған. Соның салдарынан мұнай бағасы құлдырағаны байқалады.
Айталық, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 33,4 пайызға құлдырап, барреліне 33,94 доллар деңгейіне дейін төмендеген.
Ал мұнай бағасы соңғы рет 2016 жылғы ақпанда баррелі 34 доллардан да төмен нәтиже көрсеткен. Сонымен бірге, сәуір айында фьючерстер бойынша WTI маркілі мұнай бағасы 27,1 пайызға кеміп, баррелі 32,48 долларға дейін құлдыраған болатын.
Оқи отырыңыз: ОПЕК+ саясаты Қазақстан мен Ресейді қақ жарды
Пікір қалдыру