Бішкекте әйелдер маршын ұйымдастырушыларға белгісіз адамдар шабуыл жасады. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады. Бүгін түсте белсенділер "Bishkek Feminist Initiatives" әйелдер маршын өткізу үшін Жеңіс алаңына жиналған.
Алайда шеруге шыққан әйелдерге белгісіз ер адамдар шабуыл жасап, алаңнан қуып шыққан. Бетперде киген бірнеше ер адам плакаттарды тартып алып, жыртып тастаған. Кейін алаңға полиция қызметкерлері келіп шеруді ұйымдастырғандарды бөлімшеге алып кеткен. Ал шабуыл жасағандар полиция келген кезде қашып үлгерген.
Еске салайық, Бішкекте әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы шеру былтыр да өтті.
Пікір қалдыру