Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус анықталған қазақстандықтың бірі, елге 9 наурызда келген азаматтан вирус неліктен бірнеше күн өткеннен кейін анықталғанын түсіндірді.
Оның сөзінше, қауіптілігі орташа ел – Германиядан келген азамат ұшақтан түсісімен өзге жолаушылармен бірге бақылауға алынып, үйіне жіберілген. Кеше, 12 наурыз күні азамат денсаулығына шағым айтқан соң, анализ алынған. Анализ қорытындысы бойынша аталған азамат коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.
Бүгінде аталған тұлғамен байланыста болғандар анықталу үстінде. Анықталғандар тексеріліп, жағдайына қарай не үйлерінде оқшауланады, не медициналық карантинге жатқызылады.
♦ Вирусолог: Қазақстанда коронавирусқа қарсы препараттар жасауға мүмкіншілік бар
Пікір қалдыру