Семейде шетел азаматы коронавирусқа тексерілуде (видео)

/image/2020/03/13/crop-9_151_507x613_image_62.jpg
Семейда Оңтүстік Африка Республикасының азаматы коронавирус инфекциясы күдігімен ауруханаға жатқызылды. Ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Басқарма таратқан ақпаратқа сай, күдікті адам 1949 жылы туған ОАР-дың азаматы. Семейде жұмыс істейді. Техникалық жиынға Дубай мен Нұр-сұлтан арқылы Шығыс Қазақстан облысына келген. 12 наурыз күні өзін жайсыз сезініп, денесі қыза бастап, жеңіл тұмау белгілері байқалған. Әрекет алгоритмі негізінде жедел жәрдем стансасы науқасты арнайы қорғаныс костюмінде инфекциялық стационарға жеткізген. Пациент ауруханаға жатқызылды.

– Науқасқа ЖРВИ, орташа деңгейдегі бронхит, екінші деңгейдегі қант диабеті диагнозы қойылып отыр. Анализдер Өскемендегі зертханаға жіберілді. Оның нәтижесі ертең анықталуы керек, –  деді Семей қалалық сапаны бақылау және тауар мен қызмет қауіпсіздігі басқармасының жетекшісі Берік Тлебалдин.

♦Вирусолог: Қазақстанда коронавирусқа қарсы препараттар жасауға мүмкіншілік бар

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Семейде коронавирус табылды" делінген видео таралған. Онда арнайы қорғаныс костюміндегі қызметкерлер зембілге салынған адамды қонақ үйден алып шығып, жедел жәрдем көлігіне салып жатыр. Видеоны түсіріп тұрған азаматтың "коронавирус па" деген сауалына ешкім жауап бермеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар