Төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдау шаралары

/image/2020/04/06/crop-37_44_407x610_nalogi.png

Соңғы күндері біз шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің Мемлекет басшысына үндеу жолдағанын көріп отырмыз. Өз өтініштерінде кәсіпкерлер салықты азайтып, алып тастауды, кредиттер бойынша пайыздарды қайта есептеп беру өтінді, осыған қатысты Президент Қ.Тоқаев жедел әрекет етіп, коронавирустық инфекциямен және оның салдарларымен күрес жөніндегі шаралар бойынша жарияланған екінші пакетінде бірқатар шешімдер қабылдады.

Қазіргі уақытта елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының үлесі шамамен 28-29%-ды құрайды және осы сектор ҚР барлық жұмыспен қамтылған халқының 37%-ын жұмыспен қамтамасыз етеді. 2020 жылдың басында жұмыс істеп тұрған ШОК-тың саны 1,3 млн-нан астам субъектіні құрады. ҚР ШОК-тың құрылымында жеке кәсіпкерлердің үлесі айтарлықтай (63,6%), шаруа немесе фермер қожалықтары шамамен 16,2%-ды, шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары шамамен 20,2%-ды құрайды. Экономикалық қызмет түрлері бойынша субъектілердің ең көп саны көтерме және бөлшек сауда секторында шоғырланған, бұдан әрі ауыл, орман, балық шаруашылығы, көлік және құрылыс секторлары бар. Бірінші кезекте, көмек жеке сауда секторы, көлік қызметтері, туризм және т.б. сияқты неғұрлым көп зардап шеккен секторлардағы кәсіпкерлікке көрсетіледі. Сондықтан еңбекақы төлеу қорынан 6 айға салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу мен төлеуді алып тастау (бұған әлеуметтік аударымдар, табыс салығы, зейнетақы мен медициналық сақтандыру және т.б. жатады), ШОБ босаған қаражатты бизнесті, яғни жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік беретін салаларға қайта бағыттауға жағдай жасайды. Қалған салық төлемдеріне келетін болсақ, олар 3 айға кейінге қалдырылды. Бұл ШОБ қолдауға қатысты бұрын жарияланған шараларға бойынша тағы бір жеңілдік.

Көктемгі егіс жұмыстарының кезеңі басталды және 70 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу ауыл шаруашылығы секторының ШОК-тың 250 мыңнан астам субъектілерінің қызметін қамтамасыз ету үшін аса қажет. Қарыз алушылар үшін төмендетілген пайыздық мөлшерлеме және дизель отынының бағасын нарықтық бағадан 15%-ға арзандату оң мультипликативті әсер береді. Бұдан басқа, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруаларын қолдау мәселесі бірінші кезектегі міндет.

Сонымен қатар, көптеген кәсіпкерлер бұрын берілген кредиттер бойынша пайыздарды төлеуді тоқтатуды сұрады. Бұған дейін қарыздар мен микрокредиттер бойынша төтенше жағдайды енгізу себебінен туындайтын жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алған кезде айыппұлдар немесе өсімақылар есептелмеуге тиіс екені хабарланған болатын. Бұдан басқа, жетекші банктер елде ТЖ енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған ШОБ субъектілері үшін 90 күнге дейін төлемдер бойынша кейінге қалдыру ұсынылды. Қабылданатын шаралар заңнама шеңберінде енгізу керек екенін түсіну қажет, сондықтан барлық ықтимал тәсілдер мен шешімдер қарастырылады.

Әсел Әбен,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың

Алматы қаласындағы

өкілдігінің басшысы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар