Болат Назарбаев: Ағамнан қызмет сұрап көрмедім (видео)

/image/2020/04/13/crop-20_16_743x1322_snimok-ekrana-508.png

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың Aina tv Youtube арнасына берген сұхбаты жарияланды. Болат Назарбаев сұхбат барысында ағасынан мүлдем жұмыс сұрап көрмегенін айтты. 

"Өмірдің қиындығы болды. Бәрі үлкен ағасы көмектесіп жатыр деп ойлайды. Мен айтайын. Бұл сөзімді үлкен кісі де еститін шығар. Мен ол кісіден (Нұрсұлтан Назарбаевтан) осы уақытқа дейін бір жұмыс сұрап көргенім жоқ. Мен ана жерде жұмыс істегім келеді деп. Басы жұмыс істесе, фамилия да жетеді дейді ғой. Ағама ауыртпалық түсіргенім жоқ. Ол кісі маған әкемдей болып кетті. Ағам хабарласса мен орнымнан тұрып сөйлесемін. Бір орында отырып сөйлесе алмайды екенмін. Бұл қорыққандық емес, сыйласымдық деп ойлаймын", – деді Болат Назарбаев. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар