Испанияда маңызды емес деп саналатын кейбір жұмыс орындарына да жұмысты бастауға мүмкіндік беріле бастады. Коронавирустан көз жұмғандардың саны 17 209 болғанына қарамастан, коронавирустық шектеулер ішінара жеңілдетіле бастады.
Испания билігі 30 наурыздан бастап барлық маңызды емес әрекеттерді тоқтату арқылы елдегі оқшаулау шараларын күшейткен.
Елде өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы жұмысшыларға екі апталық карантиннен кейін жұмысқа оралуға мүмкіндік берілді. Испания билігі үйден жұмыс істей алатындарды жұмыстарын үйде жалғастыруға шақырады.
Супермаркеттер, жеміс-жидек дүкендері, наубайханалар, касапшылар, дәріханалардан басқа барлық дүкендер жабық күйде қалады. Премьер-министр Педро Санчес халыққа арнаған телекөпірінде Испания коронавируспен күресте әлі «екінші кезеңге» кірмегенін ескертті.
Айта кетейік, Еуропа елдерінің екінші кезеңге дайындалып жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Пікір қалдыру