Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент жоғары оқу орындары оқытушыларының еңбекақысын көбейту қажеттігін айтты.
– Біз «Педагогтар мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыру керек, – деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Сондай-ақ президент докторанттардың шәкіртақысын арттыру қажеттігін атап өтті.
Тағы оқыңыз:
Пікір қалдыру