Педагогика мамандығында оқитын студенттер стипендиясы артады

/image/2020/05/27/crop-22_4_524x968_4815314.jpg

Педагогика мамандықтарының стипендиясын 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге арттыру қажет. Бұл туралы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Тоқаев мәлімдеді.

– Педагогика мамандықтарына түсуге қойылатын талаптарды біртіндеп арттыру қажет. Оларды тартымды ете түсу үшін болашақ мұғалімдерге арналған шәкіртақыны 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру керек, – деді ол.

Сондай-ақ отырыста ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейетіні, жыл сайын 100 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуіне қаржы бөлу керектігі мәлімделді.

Сондай-ақ докторантура гранттарының санын арттырып, стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көтеру керектігі айтылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар