2020 жылдың бірінші тоқсанында денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 152,4 мың теңгені құрады. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өсім 31,6 пайызды, нақты өсім, оның ішінде инфляция 24,2 пайызды құрады. Анықтама үшін: Қазақстанда орташа жалақы жылына 18,9 пайызға, 200,3 мың теңгеге дейін өсті. Сатып алу қабілетінің нақты өсімі 12,2 пайызды құрады.
Президенттің медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру тапсырсына сәйкес, 2023 жылға қарай олардың жалақысы орташа республикалық көрсеткіштен 2,5 есе жоғары болуға тиіс.
Бұл саладағы ең үлкен жалақыны тікелей медицина қызметкерлері алады: Олардың ішінде денсаулық ұйымдарының қызметкерлері 159 мың теңге алады, өсім – 35,4 пайыз. Стоматологиялық және медициналық қызметпен айналысатындар 149,46 мың теңге алады, өсім – 27,9 пайыз; денсаулық сақтаудың басқа қызметімен айналысатын қызметкерлерде – 153,6 мың теңге, өсім 22,3 пайыз.
Өңірлер бөлінісінде денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ең жоғары жалақыны Нұр-Сұлтан (208,1 мың теңге, өсім жылына 24,8 пайыз), Алматы қаласы (167,2 мың теңге, өсім 23,5 пайыз) және Атырау облысы (157,85 мың теңге, өсім 25,9 пайыз) қызметкерлері алады. Ең аз жалақы Түркістан облысының қызметкерлеріне тиесілі: 134,8 мың теңге, бұрын 96,8 мың теңге болған.
Пікір қалдыру