Атырау облысында итті тоңазытқыштың есігіне қылқындырып, желіде резонанс тудырған ер адам барша қазақстандықтардан кешірім сұрап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін айтты.
– Ассалаумағалейкум, Қазақ елі. Мен, Жұматаев Мақбан Жалғасұлы боламын. Атырау облысы,Еркінқала ауылында тұрамын. Кеше итті қорладым, жасаған ісіме өкінемін. Ит үш-төрт күн бұрын келген қызыма шапды. Кеше түс уақытында ит босап кетіп, ата-анам еккен жылыжай сатысын таптап, целловандарды жыртқаны үшін мастықпен оны қорладым. Мені видеоға түсірген жігіт иттен арашалап мені аман-есен алып қалды. Ит қазіргі уақытта тірі. Оны толық тексеру үшін қалалық ветеринарға алып кетті. Істеген ісіме өкінемін. Барша қазақстандықтардан, сондай-ақ атыраулықтардан кешірім сұраймын. Енді екінші мүлдем қайталамаймын. Баршаларыңыздан кешірім сұраймын, – деді ер адам.
Еске сала кетейік, 31 мамыр күні қала маңындағы Еркінқала ауылында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырып жатқан ер адамның видеосы желіде резонанс тудырған болатын.
Пікір қалдыру