Сахнада жарқырап көрінетін жұлдыздардың өмірі бір қарағанда ертегідей болып көрінуі мүмкін. Алайда, олардың танымалдылығы артқан сайын өмірлері де қауіпке толы болатыны анық.
Қызғаныш, көре алмаушылық, бәсекелестік. Міне,осы бір дүниелер танымалдылығы күн сайын артқан жұлдыздардың дұшпандарын көбейтеді.
Отандық әншілер арасында да бәсекелестік пен көре алмаушылықтың салдарынан өмірлеріне қауіп төнетін сәттер болады. Жақында ғана "Славян базары" ән байқауынан жүлделі орынды қанжығалап келген Димаш Құдайберген өзінің берген сұхбатында суына ұйықтататын дәрі қосқандығын айтқаны естеріңізде болар. Осы сияқты талант иелерінің еңбегін көре алмаушылықтың кесірінен әр түрлі жағдайлар орын алып жатады.
Серікбол Сайлаубектің де өз концертін өткізіп жатқан сәтте өрт шыққанын айтады. Индира Расылхан: "көре алмаушылықтың ең бастысы - сөз арқылы болады" деп, өз ойымен бөлісті.