Алматы облысы Ұйғыр ауданында "жасөспірімдер арасында қақтығыс болып, бес адам жарақаттанды" деген бейресми ақпарат тарады. Ресми органдар мен жергілікті билік бұл ақпаратқа қатысты ешқандай мәлімет берген жоқ.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа және сол ауданда тұратын тұрғындардың сөзіне қарағанда қақтығыстың этникалық сипаты бар. Яғни, қақтығыс қазақ-ұйғыр жастарының арасында болған. Қақтығыс кезінде бес адам пышақталып, қазір аудандық ауруханада жатыр. Олардың үшеуінің ұлты қазақ, екеуінікі ұйғыр.
Қолдағы бар мәліметке сай, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ауданға арнайы барып, осы оқиғаға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп жатыр.
Қамшы тілшісі оқиғаның жай-жапсарын білу мақсатында Ұйғыр ауданына аттанды.
Пікір қалдыру