Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

/image/2020/06/23/crop-13_3_325x578_929158.81ae7ce0c9fb4f1df3fa1786633b01a2.jpg

Бішкектің Первомай аудандық сотында криминал авторитет Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы іске қатысты сот үкімі шығып, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 2 айға соттады. Бұл туралы АКИpress хабарлады. 

Бұның алдында Алмазбек Атамбаев сотта соңғы сөз сөйлеуден бас тартқан болатын. Кейіннен прокурорлар оның мүлкін тәркілеп, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Сот Алмазбек Атамбаевтың мүлкін тәркілеп, 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды.

Еске сала кетейік, 2019 жылы Ресейдің ішкі істер министрлігі бұл факт бойынша тергеу амалдарын қайта бастаған. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Оны заңсыз босату бойынша істе Алмазбек Атамбаевтан бөлек, бұрынғы бас прокурор Индира Жолдыбаева, қылмыстық атқару мемлекеттік қызметі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Калыбек Качкыналиев, гематология орталығының бұрынғы директоры Абдухалик Райымжанов бар. Бұл іс бойынша өзге де бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар айыпталған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар