Шорнақтағы жанжалға қатысты 4 "арандатушы" ұсталды

/image/2020/07/25/crop-1_2_449x799_104_n.jpg

Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздікке байланысты адамдарды заңға қарсы әрекеттерге шақырған 4 адам ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов хабарлады.

– Кеше Өмірзақ Шөкеев Шорнақ тұрғындарына уәде еткендей, полиция әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде адамдарды заңға қарсы әрекеттерге шақырған алты "арандатушының" төртеуін тапты. Енді қалған "арандатушыларды" анықтау және іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп жазды әлеуметтік желіде.

Бұған дейін 21 шілдеде сағат түнгі 01.00 шамасында Шорнақ ауылында ауыл тұрғындарының арасында төбелес болғаны хабарланған. Осы оқиғадан соң өзге ауылдардан келген 80 адамның ұсталғаны анықталған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар