Алматы метросы әлемдегі ең ұзақ салынған және ең көп қаржы жұмсалған метро ретінде Гинестің рекордтар кітабына кіріпті. Ол аздай, Гинестің рекордтар кітабы Алматы метросын әлемдегі ең кыска метро ретінде рекордтар тізіміне кіргізген. Парадокс! Әлемдегі ең көп қаржы жұмсалған ең кыска метро! Бұл да бир қазақтың кереметі! Салыстыру ушін айтсак, қытайдын Шанхай қаласында ай сайын екі метро бекеті іске косылады екен. Біз 27 жыл ішінде 9 бекетті әзер деп іске қосыппыз. Мұндай тасбака митынбаймен әлемдегә 30 елдің артынан қалай қуып жетеміз? Кеше Ыстықкөлге жол саламыз деп аттандап жатырмыз. Алатау асқан жолдың жыры қанша жылға созылады екен? Жер жұткан ақшаны енді тау жұта ма? Жоқ әлде, қырғыз жұта ма? Ия, жұткан жұтамайды. Кенесарының басын жұткан кырғыздарға қазақтын қаржысын жұту сөз боп па? Қысқасы, Алатау асқан жолмен казактың ақшасы Ыстықкөлге өзендей болып құйылайын деп тур. Ал әлемдегі ең шипалы көлдің бірі болып саналатын қазақтың Алакөліне әлі жол жоқ. Оған жол салайық, жағасына Ыстықкөлдегідей демалыс орындарын орналастырайық, сөйтіп шетелдік туристердің акшасын Қаразақстанға тартайық деген билік жоқ. Қазақтың ақшасын кім жұтпай жатыр?! Қазақтын қазынасын кім сормай жатыр? Бұл не қылған бітпейтін ақша, таусылмайтын қазына?! Қызығын өз хплқв көрмеген кормеген, өзіне қайырсыз, өзгеге қайырлы, итке де, қусқа да жем болған қазақтың қайран байлығы!
Ерлан Төлеутай, Facebook парақшасынан
Пікір қалдыру