Алексей Цой орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді

/image/2020/08/03/crop-29_12_582x1034_368fdcdc-8b27-4a03-aabb-c12f43bfaaeb.jpg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте айтты.

– Әбішев Олжас Амангелдіұлы жұмыстан өз еркімен кету туралы арызды өткен аптада тапсырған. Қазір біз ол мәселені қарастырып жатырмыз. Сондықтан арыз бар, егер шешім қабылданса, онда ол қызметінен босатылатын болады. Әзірше, бізде осы іске қатысты нақты ақпарат жоқ. Себебі тергеу шаралары жүріп жатыр. Құзіретті органдар ол ақпаратты өздері жариялайды деп ойлаймын, – деді Цой.

Денсаулық сақтау экс-вице-министрі Олжас Әбішев бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Шенеунік министрлікте цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар