Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте айтты.
– Әзірше бізде осы іске қатысты нақты ақпарат жоқ. Себебі тергеу шаралары жүріп жатыр. Құзіретті органдар ол ақпаратты өздері жариялайды деп ойлаймын, – деді Цой.
Оның айтуынша, орынбасары ұсталғанға дейін өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш берген.
– Әбішев Олжас Амангелдіұлы жұмыстан өз еркімен кету туралы арызды өткен аптада тапсырған. Қазір біз ол мәселені қарастырып жатырмыз. Сондықтан арыз бар, егер шешім қабылданса, онда ол қызметінен босатылатын болады, – деді министр.
Экс-денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бюджет ақшасын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын.
Шенеунік министрлікте цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты болған.
Пікір қалдыру