Қазақстандық жұлдыздар балаларын 1 қыркүйекке қалай киіндіреді?

/uploads/thumbnail/20170708192742148_small.jpg

Білім күні – бұл оқушылар үшін ғана емес, ата-аналар үшін де айтулы күн. Баланы мектепке қалай дайыындау керек? Мектеп формасын қайдан алуға болады? Бұл сұрақтар жұлдыздары қарапайым жандардан кем толғандырмайды.

Қазақстандық жұлдыздар білім күніне  балаларының қалай қарсы алатыны айттты. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы Today.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Роза Рымбаева: ұлы Мәди, 15 жас.

“Мәди үшін киім таңдау – бұл үлкен оқиға: мен, Әли мен Мәди үшеуміз дүкен аралаймыз. Үлкен ағасы Әлидің Мәди алдында беделі үлкен, сондықтан, оның сөзі шешуші рөл ойнайды. Алайда Әли үнемі інісінің жағында, маған қазір ненің “сәнді” екенін түсіндіреді. Мен шетелден сыйлық әкелуге тырысам, бірақ, киім тола ауыр чемодандарды тасығым келмейді. Мәди Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқиды, онда қатал киім тәртібі бар, сондықтан, сән “қуудың” пайдасы жоқ. Біздің отбасы брендке бас июшілерден емес. Біз қарапайым адамбыз, осы жылы өзге ата-аналар сияқты алғашқы қоңырауға барамын. Жиналыстан қалмаймын, Мәди бұзықтық жасағанда директордың алдында қызарған кезім де болды. Басшылық менің халық әртісі екеніме қарамады. Бұл жағынан босаңсу жоқ, қоңырау шалады да: “Рымбаева! Мәдениетке!”, – дейді. Шаруалардың бәрін тастаймын да, мектеп директорына асығамын”, – деп Роза Рымбаева баласы Мәдиді мектепке қалай әзірлейтінімен бөлісті.

Жақында “Мегаға” барып, майка мен джинсілер, ұсақ-түйек алғанбыз, 100 мың кетті. Бала өсіру арзанға түспейді.

Жәмилә Серкебаева: ұлы Шәміл, 15 жас.

“Ұлым 31 тамызда 15 жасқа толады, міне екінші жыл болды әскери мектепте оқиды. Онда форма мен кітаптарды өздері береді, мені Шәмілдің білім алуы көбірек алаңдатады: математика мен ағылшын тілі бойынша оқытушылар жалдадым. Жалпы балалар тез өседі, сондықтан, киімді жиі алып тұру керек. Мен немесе апасы дүкен аралаймыз, бірақ, шешуші сөз Шәмілдікі. Өйткені, алған киім ұнамаса, олар сол күйі шкафта қалады. Ол бізбен талғам туралы дауласудан қорықпайды. 1 қыркүйек қарсаңында оған шетелден ерекше сәнді, күнделікті киюге арналмаған бір киім аламын. Ұлым неге екенін білмеймін, резіңке аяқ киімді ұнатады. Сүйікті түсі – қара, сүйікті әншісі Тиматиден келген шығар. Жақында “Мегаға” барып, майка мен джинсілер, ұсақ-түйек алғанбыз, 100 мың кетті. Бала өсіру арзанға түспейді. “Бала өседі, бағалар да өседі”, – деп күлеміз. Алғашқы қоңырауға міндетті түрде барамын: мұғалімдерге алғысымды айтамын”, – дейді скрипкашы.

Негізінен, сөмке, аяқ киім мен өзгесін Араб Әмірліктерінен, Түркиядан сатып алып, демалысты қоса сонда өткіземіз.

Парвиз Назаров: қызы Гесу.

“Үлкен ұлым Тимур 27 жаста, ол институт бітіріп, жұмыс істеп жүр. Ортаншы қызым Ниссо мектеп жасынан асқан, ал кенже қызым Гесу осы жылы бесінші сыныпқа барады. Ол бәрін өзі шешеді, сондықтан анасы екеуміз әмиянді қолға ұстап, артынан жүріп қана отырамыз. Негізінен, сөмке, аяқ киім мен өзгесін Араб Әмірліктерінен, Түркиядан сатып алып, демалысты қоса сонда өткіземіз. Жақында Хайнаньда болып, қайтарда Гуанчжоу арқылы ұштық. Сол жерден  қызымызға туфли көрдік. Сатып алып, үйге келгесін ғана қорапшадан екі туфлидің де оң аяққа екенін  байқадық. Алматыда ұқсас туфли таптық, сондықтан 1 қыркүйекке дайынбыз деуге болады. Тек форма тіктіру ғана қалды. Линейкаға жұбайым және үлкен балаларыммен бірге барамыз бұл – отбасылық дәстүр. Мұғалімге гладиолустар мен раушан аламыз деп шештік, бұл біздің сүйікті гүлдеріміз”, – дейді әнші.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар