Ағымдағы жылғы 28 тамызда Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра Конституция күніне арналған іс-шара өтті.
Суда және өртте адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін облысымыздың 11 адамын құтқарған 4 тұрғын ІІМ медальдарымен марапатталды (олардың 3-уі кәмелетке толмаған жасөспірімдер).
Олармен бірге ІІМ, ТЖ Комитеті басшылығынан және «Жас Отан» облыстық филиалының басшылығынан өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлік және күш-жігер көрсеткен кәсіби құтқарушылар қатарынан шыққан батырлар да марапатталды.
Одан әрі «Конституция күнімен үздік құттықтау» байқауының жеңімпаздары марапатталып, қала тұрғындарына («Маяк – Broadcast» ЖШС (Алматы қ.) меценаттың қаражатына салынған спорт алаңы ашылды.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммунициялар тобы
Пікір қалдыру