Қайыршы елге айналып барамыз

/uploads/thumbnail/20170708192852931_small.jpg

Ағайын, мен кеше қағыс естідім бе, әлде, Президент нақты солай айтты ма? 2019 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіруге мараторий жарияланады деді ме? Олай дегені "мен қайыршы елдің президенті болғым келеді", - дегені емес пе? Қараңыздар: Мәсім ака «жергілікті жалпақбайларға бағаны өсіруді қаншалықты қатаң бақыла»,- десе де, бәрібір бір тиынын екі етуді көздейтін саудегерлер мұндай мүмкіндікті құр жібермейді. Тіпті, басқа жақты қойып, алақандай Есік қаласының өзінде көптеген дүкендер есіктерін тарс жапты, тауарларының бағасын 15-20 пайызға көтеріп тастады. Халық ең көп тұтынатын тауарларды сөрені қойып, жертөлеге тоғытып жатыр. Осыдан кейін баға өспейді дегенге 90 жылдардағы қысылтаяңды көрген мен түгілі бес жастағы Бекнияз (ұлым) да сенбейді. Ал, жалақы көтерілмейді дегенге Елбасының өзі айтқан соң сенемін. Сонда, тапқаның тамағыңа жетпесе, қайыршы болмағанда неміз қалды? Өзінде өндіретін бірде-бір өнімі жоқ елдегі баға сенің шенеунік екеніңді ұрғаны бар ма? Тіпті Нарынқолдан теңгемен келген картоп та алматылық алыпсатардың қолына түскенде валютаға алғандай боп аспандап шыға келеді. Енді...?

Досым Зікірия,Facebook парақшасынан алынды

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар