Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен қалай ауырғанын айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.
– Мен ауырып шықтым, ондайды ешкімге тілемеймін. Сондықтан маскаларыңызды шешпеңіздер. Тіземен немесе шынтақпен амандасыңыздар, өздеріңізге абай болыңыздар. (...)", – деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Тұңғыш президент қазақстандықтарға тілеген тілектері үшін алғысын жеткізді.
– Маған бүкіл Қазақстаннан тілектер айтылды. Әріптестерімнің, бүкіл әлем президенттерінің, министрлердің тілектері жазылған мыңдаған жеделхат алдым. Тағы да бәріне рахмет. Менің ойымша, бұл да өтеді. Қазір вакцина 180-ге жуық елде әзірленіп жатыр. Қазақстанның өз вакцинасы бар. Біз Ресеймен келістік, алғашқы үміткерлердің бірі боламыз. Мысалы, АҚШ-та дәрі ойлап тапқан кезде оның 10 жылдан кейін рұқсат етілетіні айтылды. Сондықтан біз бұл вакцинаны күтеміз. Қалай болса, менің ойымша, бұл көрсеткіш төмендейді. Ауырмаңыздар, барлығыңызға денсаулық тілеймін, – деді Елбасы.
Пікір қалдыру