Нью-Йорк Таймс: Трамп мемлекетке 750 доллар ғана салық төлеп отырған

/image/2020/09/28/crop-22_29_634x987_trump-income-tax.jpg
Дональд Трамп АҚШ президенттігіне үміткер болған 2016 жылы да, Ақ үйдегі бірінші жылы да федералдық табыс салығына 750 доллар төлеген деп жазады Нью-Йорк Таймс.
 
Трамп пен оның компанияларының жиырма жылдағы салық жазбаларын жариялаған газет Трамп өткен 15 жылдың 10 жылында табыс салығын мүлдем төлемегенін айтады.
 
Жазбаларда "шығындар мен салық төлеуден бас тартқан жылдар" көрсетілген.
 
Трамп мырза бұл есепті "жалған жаңалықтар" деп атады.

"Шындығында мен салық төледім. Декларацияларыма қарасаңыз, олар ұзақ уақыт тексеруден өтіп келгенін көресіз. Ішкі кірістер қызметі маған дұрыс қарамайды ... олар маған өте нашар қарайды" деді ол жексенбіде сюжет жарияланғаннан кейін журналистерге.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар