Қазақстанда банктен қарыз алушылар көбейді. Бұл туралы "Хабар-24" хабарлады.
Биылғы тамызда ел экономикасын несиелеу көлемі ұлғайған. Нақтырақ айтсақ, заңды тұлғаларға 7 миллиард 288 миллион теңге қарыз берілген. Жеке тұлғалар банктерден 6 миллиард 904 миллион теңге несие алған. Оның 12 миллиардқа жуығы ұзақ мерзімді. 2 миллиардқа жуығы қысқа мерзімге рәсімделген.
Сонымен қатар, тамызда шағын кәсіпкерлерге берілген несие көлемі 2 жарым пайызға артқан. Бұл экономикаға салынған жалпы қарыздың 15 пайызына тең. Ұлттық банктің мәліметінше, төл валютада берілген несиенің үстемесі 11,9 пайыз. Жеке тұлғалардың алған сомасына 17 пайыз қосылады.
Пікір қалдыру