Келісім Мәскеуде Армения мен Әзербайжан елдерінің сыртқы істер министрлері Зограб Мнацаканян мен Джейхун Байрам келіссөздерінің қорытындысы негізінде жасалған.
Тараптар Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың бастамашыл болуымен жабық форматта жүздескен. Кездесу он сағаттан астам уақытқа созылып, сенбіде таңға жуық аяқталды.
Келіссөз нәтижесі бойынша тараптар төмендегідей келісімге келді:
1) 2020 жылдың 10 қазаны сағат 12:00-ден бастап гуманитарлық мақсатта атыс тоқтатылып, тұтқындағы әскерилер мен өзге азаматтар, қаза тапқандардың денесі халықаралық қызыл крест критерийлері бойынша алмастырылады;
2) Атысты тоқтатудың нақты қадамдары қосымша келісіледі;
3) Әзербайжан республикасы мен Армения Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымы Минск тобы теңтөрағаларының ықпалымен жағдайды реттеудің базалық принциптері бойынша бейбіт реттеуге жол жеткізу мақсатымен субстантив келіссөздерге кіріседі;
4) Тараптар процесс келіссөзі форматының өзгертілмеуіне келіседі.
Таулы Карабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған. Тараптар жанжалдың басталу себебін бір-бірінен көреді. Армян және әзербайжан күштері арасындағы ұрыс бірнеше фронтта жүрді. Ұрыста дрондар, артиллерия, ауыр техника мен ракеталық кешендер қолданылды. Екі жақтан да бейбіт тұрғындар опат болған.
Пікір қалдыру