Қазақстанда табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға енді несие берілмейді, деп хабарлады Qazaqstan арнасы.
Елде күнкөріс деңгейі 32 668 теңгеге тең. Ресми табысы аталған сомадан төмен азаматтар енді несие ала алмайды.
Сондай-ақ енді қарыз алушының банкке қайтаратын ай сайынғы төлемі жалақысының 50 пайызынан аспауға тиіс.
Яғни, айына 100 мың теңге алатындардың берешек бойынша ай сайынғы төлемі 50 мың теңгеден аспауы керек.
Сонымен қатар қаржы нарығын реттеу агенттігі шекті мөлшерлемені (пайыздық мөлшерлеме) азайтуды көздеп отыр. Бұл несие алушының төлем қабілетіне қарай пайыздық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бермек.
Тағы оқыңыз!
♦ Кредит тарихын қалай жөндеуге болады?
Пікір қалдыру